Астана процесі бейбітшілік миссиясының маңызды қадамы. Сириядағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды биыл мамыр айында кепіл мемлекеттердің келісімімен Елорда да өтеді деп жоспарланды. Орталық Азия бойынша венгриялық сарапшы Паль Гайнэ атап өткендей, Астана процесі Сириядағы мәселенің шешілуінде маңызды рөл атқарып келеді. «Қазақстан халықаралық дау-дамайдың алдын алу жолында медиатор ретінде бірнеше рет әрекет етті. Мемлекеттің бітімгершілік әрекеттері қашанда оң нәтиже беріп келеді. Бұл әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімін нығайтты. Шын мәнінде, қазақстандық дипломатияның үлкен жетісітігі болды», - дейді Паль Гайнэ. Бүгінде Иран, Түркия, Ресей мен Батыс елдері Қазақстанды аймақтағы негізгі делдал ретінде қарастырады.

ПАЛЬ ГАЙНЭ, САРАПШЫ /МАЖАРСТАН/:

 - Сирия мәселесі бойынша «Астана процесі» Қазақстанға деген сенімді арттыра түседі. Сонымен қатар, Қазақ елінің халықаралық беделін арттырады. Себебі бұл процеске қатысатын  Ресей, Түркия, Иран сияқты ықпалды елдер Қазақстанның медиациясын жоғары бағалайды. Әрине, бәрі уақыт еншісінде. Бірақ Астана процесі Сириядағы мәселені тұрақтандыру жолында тиімді болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер