Қазақ және венгр тілдерінің ұқсастығы - Kazakh TV

Мадиярлар мен Қыпшақтар. Филолог Катя Себестьен Қазақстан мен Венгрияның тарихы ортақ екеніне сенімді. Оның айтуынша, қос халықтардың тілдеріндеде ұқсастықтар көп. Тіл маманы венгр сөздерінің этимологиялық шығу тегін тереңінен зерттеген. Нәтижесінде бабаларының тілінің түп-тамыры түркітілдес екенін анықтапты. 

КАТЯ СЕБЕСТЬЕН, ФИЛОЛОГ /ВЕНГРИЯ/:

 - Біздің қазақтармен тарихи сабақтастығымыз бар. Венгрлер бұны жақсы біледі. Тілдеріміз ұқсас, тіпті бірдей сөздер кезігеді. Мәселен «сол-сойлы», «орус-орыс», «Қыш-киш». Немесе сіздердегі «алма» сөзі біздеде  дәл солай айтылады. «Балтаныда- балта» дейміз. «Ата» венгрше «Атя» болып кетеді. «Ана» деген сөз «Аня» деп дыбысталады. Осындай көптеген айтылуыда, мағынасыда ұқсас, тіпті бірін-бірі айнадай қайталайтын ортақ сөздеріміз бар. Сондықтан қазақ және венгр сөздерінің түбі бір деп сеніммен айта аламыз.

Ғалымдардың зерттеулері IX ғасырда мадиярлар екі топқа бөлініп кеткендігін айғақтап отыр. Оның бірі қазіргі батыстағы Венгрия жеріне қоныс аударған деседі. Енді бір бөлігі арғындар мен қыпшақтар Қазақстан даласынан мекен тапқан. Тарихшылар оларды, мадияр-арғындар және мадияр-қыпшақтар деп атайды. Катя Себестьен тіліміздің ортақтығы халықтың мәдени, тарихи болмысының түбі бір екенінің дәлелі дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер