Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сарапшылар пікірі

Елдің игілігіне арналған ұтымды бағдарлама халықтың әл-ауқатын арттырады. Сапалы білімнің қолжетімділігі, білім беру жүйесінің бірізділігі елдің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, әлеуметтік саладағы келелі мәселелерді шешеді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы жүйелі жүзеге асса, жақын уақыт ішінде Қазақстанда құрылыс ауқымы кеңейіп, инвестиция тартуға үлкен мүмкіндіктер туады», - дейді.

СУМА ЧАКРАБАРТИ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл өте маңызды бастамалар. Меніңше, Президент Назарбаевтың бұл мәлімдемесі өте уақтылы жасалған. Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру да өте маңызды. Мемлекетті одан әрі дамыту үшін және бұл процесті жеделдету мақсатында сапалы білімге ерекше назар аудару керек.

Қазақстандағы әлеуметтік реформалар халықаралық сарапшылардың қызығушылығын оятып жатыр. Атап айтар болсақ, Оксфорд университетінің докторы Трой Штернберг қазақ жастарының әлемдік стандарттарға сай білім алып, оларға Қазақстанда барлық жағдайдың жасалуына ерекше қолдау білдірді.

ТРОЙ ШТЕРНБЕРГ, ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРЫ:

 - Егер сіз Оңтүстік Корея мен Жапонияға көз тастайтын болсаңыз, олардың қарыштап дамуының бір себебі – олардың білім саласына инвестицияны аямағанын түсінесіз. Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай, адами капиталдарыңыз да мол. Сіздердің студенттеріңізді тек өз университеттеріңізде ғана емес шетелге де білім алуға жібересіздер. Бұл болашақта өз жемісін беретіндігіне сенімдімін.