Каспийдегі Қашаған кенішінде 4 жаңа жоба игерілмек

Каспийдегі Қашаған кенішінде 4 жоба игерілмек. Бүгінде Қаламқас пен Хазар кеніші толық зерттеліп, өндірісті іске қосатын құрал-жабдықтар мен ондағы орындар сарапқа салынып жатыр. Бұдан басқа, Ақтоты мен Қайран кеніші де зерттеледі. Бұл төрт кеніште Қашағанға жақын маңнан ашылған. Айта кетейік, Қашаған кеніші 2016 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Қашаған жобасынан 11,5 миллион тонна мұнай және 3,5 миллиард текше метр газ өндірілді. Бұл бір жарым жылдың көлемінде қол жеткізген жетістіктер.

БРУНО ЖАРДИН, МҰНАЙ-ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз ілеспе газды жер қойнауына кері айдау мақсатында күрделі инженерлік тәсілдерді қолға алдық. Бұл шешім Қашаған кенішіндегі мұнай өндіру көлемін тәулігіне 300 мың баррельге дейін арттырды. Осының арқасында біз жыл басынан бері 2,5 миллион тонна мұнай өндірдік.