ИИД бағдарламасы шеңберіндегі экономиканың дамуы - Kazakh TV

Қазақстан мемлекеттік индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында 2018 жылдың соңына дейін 150 жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 1 триллион теңге. Жалпы осы жылы теміржол дөңгелектерін өндіретін кешен мен ірі диаметрлі болат құбырлар өндіретін өндіріс іске қосылды. Полипропилен шығару бойынша ауқымды жоба да жүзеге асырылып жатыр.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Оның ішінде негізгі қондырғылармен жалпы зауыттық жұмыстар бойынша іргетас жұмыстары ұзақ мерзімде дайындалатын жабдықтарға тапсырыс берілді. Құрылыс 2021 жылы аяқталу керек. Құрылыс кезеңінде 3000-ға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

Соңғы үш жылда ҮИИД МБ шеңберінде жалпы сомасы 3 триллион болатын 378 жоба жүзеге асырылды. Ең бастысы аталмыш бағдарлама саланың одан әрмен дамуына, өндіріс орындарының заманауи жаңа технологиялармен жабдықталып, сапалы өнімдерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсті.

БЕРІК БЕКЕНОВ, ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Жобалар біздегі саланың құрылымын өзгертуге мүмкіндік берді. Мысалы, металлургияда біз металл өнімдерін өндірудің жоғары деңгейіне көштік. Құбырлар мен рельстер шығара бастадық.

Отандық өнімдердің шетелдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін еліміздегі барлық кәсіпорындарға цифрлық технологиялар енгізіле бастады.

СЕРГЕЙ ЛЕУ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

 - Мұндағы барлық процестердің 90 пайызы автоматтандырылған жүйемен жүзеге асады. Яғни адам күшін аса қажет етпейді. Барлық кен байыту кешендері небарі 5-6 адамның қатысуымен пультпен басқарылады. Басқа еңбеккерлер техникалық қызметтермен, жоспарлау жұмыстарымен айналысады.

Цифравизация  заман сұранысы, бүгінде адамдар үшін аса таңсық дүние емес. Халықаралық сарапшылар Қазақстан ресурстық әлеуетті арттырып қоймай, инновациялық технологияларды дұрыс енгізу арқылы индустрияны да дәйекті түрде дамытады деп есетпейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер