Қазақстан және Италия университеттерінің әріптестігі: Қос диплом - Kazakh TV

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ла Сапиенца» Рим мемлекеттік университетімен қос диплом бағдарламасы аясында серіктестік орнатты. Бұл жоба ағылшын тілінде «халықаралық ынтымақтастық» бағытында білім алатын магистранттарға арналған.

АНДРЕА КАРТЕНИ, LA SAPIENZA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қос диплом бағдарламасы студенттерге оқудың бір бөлігін өз университетінде оқып, екіншісін шетелде жүріп өзіндік ой-өрісін дамытуға мүмкіндік береді. Яғни, сізде жоғары оқу орнының екі дипломы болады. 

«Ла Сапиенца» университетінің профессоры Фабио Грасси студенттерге Еуразия тарихынан дәріс береді. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Қалқаман Жұмағұловтың шақыртуымен Алматыға лекция оқуға келіп тұрады. Осы сапар екі оқу орнының ынтымақтастығын арттырды. Енді италиялық жоғары оқу орындарының ұстазы Қазақстанға жиі келеді.

ФАБИО ГРАССИ, LA SAPIENZA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қазақстанға келген соң, келешегі кемел қазақ халқымен етене таныстым. Белсенді, заманауи көзқарастағы жастарға қарап қуанғаным рас. Жастар білім алып, әлемді танығылары келеді. Сонымен қатар олар өз Отанымен мақтанатыны сөзсіз.

Қос диплом алу бағдарламасы Рим университеті студенттерінің қызығушылығын тудырды. Маттео Фрайоли бұл мүмкіндікті пайдаланып, шығыстану саласында білім алуды жоспарлап жүр.

МАТТЕО ФРАЙОЛИ, LA SAPIENZA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Бәрінен бұрын мен Шығыс әлемімен танысқым келеді. Мен Қазақстанда білім алу арқылы осы мүмкіндікке жете алатыныма сенімдімін. Қазақстанды Еуропа мен Азияның арасындағы мәдениетаралық алмасу көпірі деп бекер атаған жоқ.

Бүгінде «Ла Сапиенца» университеті Румыния, Колумбия, Жерорта теңізі елдерінің оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын іске қосқан. Қазақстанмен мұндай келісім алғаш рет жасалды. Рим Алматыдан келетін студенттерді қарсы алуға әзір. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер