Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы: Аймақтарды газдандыру - Kazakh TV

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірі ел аймақтарын газдандыруды көздейді. Оны іске асыру аясындағы ірі жоба – «Сарыарқа» магистральді газ құбыры. Құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында бітетін құбырдың біраз бөлігі Ақмола облысының аумағымен өтеді. Газдандырудың экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік игілігін экономист мамандар жоғары бағалап отыр. Мысалы, тұрғын үйлер мен мекемелерді газбен жылыту электр қуатын үнемдеуге әрі қаржы шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

ТАЛҒАТ ДЕМЕСІНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Жылуды биік 9 этажды үйлерге жеткізу үшін олардың қуаты жетпегендіктен инженерлік инфрақұрылымдарының көбінесе насоспен оларды жеткізеді. Ал, насос, оның өзі электр энергиясымен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл, тұрғындарға да, кәсіпорындарға да өте қымбатқа түсіп отыр. Ал, енді газ бойынша, газдандырылып, барлығы газбен жылитын болса, бұл тарифтер 3-4 есеге дейін арзандайды. 

Бұған қоса, газ экологиялық жағынан өте тиімді. Экологтардың пікірінше, көгілдір отын Бурабай курортты аймағы орналасқан, жері – жәннат, көлі – күміс Көкше өңірінің табиғатына зиянды әсерді азайтады. Жоспар бойынша Ақмола облысында алғашқы газ құбырларын тарту жұмыстары 2019 жылы басталады. Ең алдымен, Астанаға жақын орналасқан аудандар газбен қамтамасыз етілмек.

ВИКТОР РАДЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Газ желісі Ақмола облысы мен Аршалы ауданына өтіп, Целиноградқа тіреледі. Біз осы аудандарда газдандыру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Мақсат –тұтынушыны көптеп тарту. Жоспарымыз дайын. Олар газ тарту желілерін салу, газ құбырларын орнату.

«Қызылорда-Жез­қаз­ған-Қара­ғанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша салынатын «Сарыарқа» магистральді газ құбыры болашақта 3 миллион адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге жол ашпақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер