Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы – берекенің бастауы. Дамудың жолына түскен ел үшін бұл маңызды жоба экономиканы ілгерлету үшін тағы бір нық қадам болары сөзсіз. «Білім саласына көңіл бөлген көшбасшы халықтан қашанда қолдау табады», - дейді Бундестаг депутаты Аксель Фишер.

АКСЕЛЬ ФИШЕР, БУНДЕСТАГ ДЕПУТАТЫ:

Мен Президент көтерген әлеуметтік бастамалар маңызды деп есептеймін. Мұндағы жақсы жаңалық – Қазақстанда білім беру гранттары санының өсуі. Қазақстанға жоғары білімді мамандар қажет, солар елді дамытатын болады. Нақты стратегиясы бар Қазақстан өз мақсатына жету жолында нақты істермен айналысып жатқаны қуантады.

Қазақстанда әлеуметтің әлеуетін артырып, халықтың тұрмысын түзету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның ішінде шағын және орта бизнесті өркендету, ел экономикасының тамырына қан жүгіртеді. Қытай ұлттар университеті, Ресейді зерттеу орталығы директорының орынбасары Ван Сянь-цзюй Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына қатысты осылай деп пікір білдірді.

ВАН СЯНЬЦЗЮЙ, ҚЫТАЙ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІ, РЕСЕЙДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстан мұнай мен газға бай мемлекет. Осы игілікті халық пайдалану үшін елдің біраз бөлігін газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын көтереді, экология мәселесі де оңтайлы шешіледі. Ал ертеңгі ел болашағы жастар. Бірақ қазір қолдауды ең көп қажет ететін тап студенттер саналады. Қазақ президенті жастарды да ұмытпай, сапалы білім алуға ерекше назар аударыпты. Қытайда бір сөз бар: «Биікте тұрған адам, алысты көреді», деген. Президент Назарбаев көрегендіктің шыңында тұрып, xалқының болашағына, игілігіне арналған шешім қабылдады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер