Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – жасампаздықтың шежіресі - Kazakh TV

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – жасампаздықтың шежіресі. Елдің дамуы мен мемлекетті қалыптастырудағы іргелі өзгерістер еңбекте кеңінен жазылған. Ендігі кезекте Қазақстанның бүгінгі тарихын танытатын кітапты оқулық ретінде оқыту керек. Бұл пікірді еліміздегі ғылыми қауымдастықтың мүшелері де қолдап отыр. Қазіргі кезде Қазақстан тарихын арнайы университет қабырғасында ғана тереңдетіп оқытады. Ал кей оқу ордасында ел тарихымен студенттерді бір ғана семестрде танысып шығады. Сол себепті «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын әр қазақстандық оқуы тиіс. Бұл оқу құралы келер ұрпақтың танымын кеңейтіп, ғылымға қанат қағуына, саясатты сіміруіне бағыттайды.

АЛТЫН УАЛТАЕВА, «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл өмір туралы ғылым, Бұл адамзат туралы, қоршаған орта туралы ғылым. Егер адамның ішкі жан дүниесінде өз еліне деген, қазақ халқының жүріп өткен жолына деген мақтаныш сезімі, сүйіспеншілігі болмаса, жасаған жұмыстың бәрі бос әурешілік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер