Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Адами капиталды дамыту, шағын және орта бизнесті өркендету төртінші индустриялық революция жағдайында Қазақстан экономикасын ілгерілетуге серпін берері анық. Қазақстан Президенті ұсынған әлеуметтік бастамаларға қатысты халықаралық сарапшылардың пікірі осындай.

ӘБДІУАҚАП ҚАРА, ТАРИХШЫ /ТҮРКИЯ/:

 - Президент Назарбаев жариялаған бастамалар қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруде, әлеуметтік ахуалын жақсартуда аса маңызды.  Болашақ жастардың қолында. Сол себепті мемлекет басшысы олардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасау керектігін айтты. Сонымен қатар, кірісі аз топтарды тұрғын үймен қаму, пайыздық мөлшері төмен несие беру сияқты шараларды да халық жылы қабылдады.

Бес әлеуметтік бастама халқы әлеуметтік тұрғыда жақсы қорғалған, экономикасы дамыған қуатты мемлекет құру жолындағы мақсатты, дәйекті әрі бірізді саясаттың жалғасы болмақ. Қазақстан азаматтары мұны жақсы түсінеді, дейді сарапшылар. Ел билігінің бұған дейінгі міндеттері де даму мен өркендеуге бағытталғаны белгілі.

ЛЮК УЭЙЛС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР /ҰЛЫБРИТАНИЯ/:

 - Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел. Сіздерде мұнай да, газ да бар. Бірақ кез келген мемлекет үшін халықтың әл-ауқатын жақсарту үлкен маңызға ие. Демек, адами капиталды дамыту оң нәтижелерге жетелейді. Өйткені, үкіметтің ел болашағы-жастарды қолдауы жемісті болады.

Сарапшылар Қазақстанның көшбасшысының «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасы стратегиялық бағытымен өзекті екенін айтып отыр.

ЭЛЬМАН НАСИРОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Қазақстан басшысының бес әлеуметтік бастамасы тарихи жаңынан құнды. Жалпы елдің қазіргі әлеуеті де осындай жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастардың болашағы мен халықтың ертеңіне алаңдаған Нұрсұлтан Назарбаев бес бастаманы ортаға салды. Сәйкесінше, халықтың да кемел келешекке сенімі артады. Қазақстанның барлық әлеуметтік бастамаларында ел ісіне алаңдаушылық кеңінен көрініс тапқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер