Қазақстанның транзиттік әлеуеті Cеулде таныстырылды. Оңтүстіккореялық тарапқа қазақ жері арқылы жүк транзитінің артықшылықтары айтылып, Қытаймен шекарадағы «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмысы туралы баяндалды. Бұл – Кореядан Еуропа бағытындағы ең қысқа жол. Алдымен жүк оңтүстіккореялық айлақтардан Қытайдың Ляньюньган портындағы қазақстандық терминалға жеткізіледі. Ол жақтан темір жолмен Қорғасқа тасымалданады. Содан соң, пойыздар тауарды Еуропаның қалаларына апарады. Мұның барлығына бас-аяғы  жиырма күн кетеді. Ал теңіз арқылы тасмалдауға бұдан үш есеге көп уақыт қажет.

ЖАСҰЛАН НҰРТАЗИН, «ҚОРҒАС-ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛІ:

 - Ляньюнган және Cosco Shipping кемежайларының «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында өз үлестері бар. Ал,  Ляньюнган айлағының 49 пайызы біздің КТЖ экспресске тиесілі. Сол себепті, біз Ляньюнган арасындағы тасымалдың тарифін қадағалай аламыз. Әрине оған «KTZ Express» кепілдік береді. 

Қазір арнайы экономикалық аймақта 12 қатысушы бар. Оның бірнешеуі – шетелдік компания. Келешекте олардың қатарын оңтүстіккореялық инвесторлар толықтыруы әбден мүмкін. Семинарда кореялық компанияларға экономикалық аймақта зауыт салу, сондай-ақ оның жанындағы Нұркент қаласында жаңа тұрғын үй құрылысына қатысуға ұсыныс жасады.

ОЛЖАС РАЕВ, ҚР КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Қазір бізде баспанаға сұраныс жоғары. Тұрғындар 25 жылға 7 проценттен аспайтын несие алуға мүмкін алатын болады. Бұл өте тиімді болмақ.

СИМ ДЖЕ БОК, КОМПАНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан арқылы Өзбекстан және Тәжікстанмен жұмыс істеу жоспарда бар. Егер тасымалдаудың құны мен уақыт ұзақтығы шешімін тапса, Орталық Азияның нарығы басым бағыттардың біріне айналатыны сөзсіз.

Оңтүстіккореялық компаниялардың бірі «Қорғас-Шығыс қақпасы» аумағында косметикалық фабрика салуға ниет танытты. Сонымен қатар, Сонгдо ақылды қаласының құрылысы жүріп жатқан «Инчхон» еркін экономикалық аймағымен Нұркент қаласының құрылысына байланысты ынтымақтастық бекіді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер