«Болашақ қаласы: елорда сәулеті». Елдегі ірі шаһарлардың алдағы кезеңдегі кескін келбеті Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен Наурыз кездесулерінде сөз болды. Шараға оқу орнының 200  шәкірті мен елдегі жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Олар елорда сәулетіне арналған 90-ға жуық жобаны таныстырды. Арасында ақылды және қауіпсіз қала, қала сәулетіндегі жасыл технологиялар, «хай-тек» стиліндегі Астана  сынды жобалар бар. Бұдан бөлек, шара аясында кездесуге қатысушылар қазақстандық және шетелдік сәулетшілердің дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Олардың әрқайсысы Астананың ажарын ашуға өз үлесін қосқандар.

КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА,  «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

- Астана сәулеті бойынша жасалған жобалар балалардың  химия, физика, биология, сурет, сызу және информатика сынды ғылымның түрлі салаларындағы білімдерін  қолдануға бағытталған. Сондықтан олар қызықты әрі маңызы зор. Наурыз кездесулерінің қатысушылары Астана қаласының ерекше нысандарына баратын болды.

Сәулет бойынша дәстүрлі дәрістерден бөлек, Наурыз кездесулерінің қонақтары балаларға ландшафт дизайны мен жобалау бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер