Қазақстанда 24 наурыз күні «Жер сағаты» акциясы ұйымдастырылады - Kazakh TV

Қазақстанда 24 наурыз күні дәстүрлі «Жер сағаты» акциясы ұйымдастырылады. Еліміздегі экологиялық ұйымдар  қауымдастығы өкілдерінің хабарлауынша шара кешкі сағат 19:00 мен 21:30 аралығында өтпек. Биыл акцияға Энергетика министрлігінің қолдауымен еліміздің облыстық маңызы бар барлық ірі қалалары тартылатын болады. Бұл күні экожүйені сақтауға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер көтеріледі. Жер сағаты – бұл қоршаған ортаның тұмса табиғи қалпын қорғауды мақсат еткен ең ауқымды экологиялық акция. Оған әлем бойынша 175-тен астам елден 2 миллиардқа жуық адам және шамамен 7000 қала қатысуға ниет танытып отыр.

САЛТАНАТ РАҚЫМБЕКОВА, «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ G-GLOBAL-ДЫ ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫ» ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ.

 - Бұл шара тек қана қуат көздерін өшіріп, электроэнергияны үнемдеуге ғана шақырмайды. Негізгі мақсат, қоршаған ортаны аялау, жаһандық климаттың өзгеруі сынды мәселелерге қоғамның назарын аударту. Биыл тек Астананың өзінде кемінде 20 ірі нысан акцияға жұмылдырылады. Елміздің 16 аймағы тегістей қатысады. Елорда, Алматы және облыс  орталықтарында 10 минутқа жарық сөндіру туралы келісудеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер