Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз – көктем мерекесімен қазақстандықтарды Президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Мемлекет басшысы ел халқына береке мен бірлік, табыс тіледі. Сондай-ақ Елбасы қазір атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Қазақстанның гүлденуіне бағытталғанын атап өтті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Құрметті отандастар! Наурыз мейрамы барша қазақстандықтарға құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің 26 жылы ішінде көптеген шаруаны біз бітірдік. Оның барлығы – елдің бірлігінің арқасы. Қазірдің өзінде жаңарып жатқан заманға байланысты жаңару бағдарламасы бар бізде. Технологиялық революция ол бар. Рухани жаңғыру бағдарламасын айттық. Қазақта «ақ мол болсын» дейді, «қайда жүрсең де, жол болсын», дейді. Сапарға шыққан адамдардың жолы болсын әр уақытта. Жалпы, еліміздің жолы болсын болашаққа деген. Мәңгілік ел болуға қадам басқан жолымыз құтты болсын. Бақытымыз мол болсын. Бала-шағамыз, ұрпақтарымыз аман болсын. Солардың бақыты үшін бәріміз жұмыс істейік. Мереке құтты болсын!

Сондай-ақ Елбасы елмен бірге осы күні Наурыз мейрамына орайластырылған мюзиклді тамашалады. Опера және балет театрларының артистері өнер көрсеткен шарада әлемдік классикалық музыка мен қазақстандық композиторлардың белгілі шығармалары орындалды. Қойылым Ұлы дала елінің тарихын мазмұндайды. Биыл елордадағы мерекелік шаралар ЭКСПО қалашығында өтіп жатыр. Ол жерде қонақтар үшін этноауыл қанат жайып, мазмұнды бағдарлама дайындалған.