"Сарыарқа" газ құбырының құрылысы 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтиды

Маңызды стратегиялық мәселелер. Елбасының бастамасына сәйкес елді газдандыру ісі бір ізге түсіп, «Қараөзек-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы қарқын алмақ. Бұл тек 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтып қоймай, ШОБ дамуына барлық жағдайды жасайды. Ал оның жүзеге асырылуын жан-жақты ойластырған жөн. Сарапшылардың пікірінше, аймақты газдандыру қоршаған ортаның ластануының алдын алып, атмосфераға тарайтын зиянды заттардың мөлшерін 6 есеге азайтады. 

ИБУЛЛА СЕРДИЕВ, ҚМГ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУҒА ЖАСАҒЫНЫҢ:

 - Белгіленген бағыт бойынша халықты газдандыру қажет. 250-ге жуық қазандықтар мен 20 мыңнан астам жеке меншік үйлер, Елордадағы Жылу электр орталығы мен ЖЭО 2 газбен қамтамасыз етіледі. Тиісінше, бұл экологиялық ахуалды, аймақтардағы газ өткізу құбыр жолдарын жақсартады. Астанада қоршаған ортаға тарайтын шығынды  35 мың тоннаға дейін азайтылады. Бұл жоба Қазақстанның солтүстік бөлігін газдандыруға мүмкіндік береді.

Еліміздің орталық және солтүстік аумағын газдандыру қос өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа серпін береді. «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртаев «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы дер кезінде қабылданған саяси шешім» дейді. Жаңа газ құбырын салу сол аймақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Ал халық көгілдір отынды пайдалана отырып, біртіндеп қаражатын үнемдеуге көшеді. Өз кезегінде жаңартылған энергия көзін пайдалануды жеделдетеді.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ БОЛАШАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл жоба біздің есеп бойынша 3 млн адамды газбен қамтамасыз етеді. Және қаншама мыңдаған адамдарға жұмыс орындары ашылады. Газды Астана қаласына алып келу бір мәселе. Газды әрбір үйге жеткізу ол тағы да шағын және орта кәсіпкерлікке үлкен жұмыс. Газ құбыры бойындағы кәсіпкерлер осы мәселеге бүгіннен бастап, дайындалуы керек.

Алматы облысындағы Талдықорған-Үшарал магистральді газ құбырының құрылысы мерзімінен бұрын басталатын болды. Әуел баста Алматы облысының солтүстік аудандарын газдандыру жұмыстары 2020 жылдан кейін жүргізіледі делінген еді. Оған дейін оңтүстік аудандар көгілдір отынмен толық қамтылуы тиіс болатын. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген.  

ӘСЕТ ҚАНАҒАТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Газ құбырының ұзындығы 224 шақырым болады. Сомасы 21 млрд теңге деп жоспарлап отырмыз. Жоба бойынша 5 АГС (автоматтандырылғын газ тарту станциясы) салынбақ. Осы жобаның арқасында біздің солтүстік аумақтар толық газбен қамтылады.

Еске сала кетейік, Елбасының әлеуметтік бес бастамасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жол картасы әзірленді. Бесінші бағыт энергетика министрлігіне міндеттелді. Ол «Сарықарқа» магистралды газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысына бағытталды. Жоба жұмыстары осы жылдың шілдесінде басталып, 2019 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.