Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған. Қоғамда, әлем сарапшыларының арасында үлкен қолдауға ие болған үндеу ел деңгейін жақсартады. Мемлекеттің экономикасының қарқынды дамуы әлеуметтік салаға серпін беріп, қаржыландыруға мол мүмкіндік туады. Қазақстанның өркендеуі мен ТМД елдері арасындағы әлеуметтік-экономикалық бағытын жіті бақылап отырған шетелдік сарапшы, еуродепутат Мирослав Митрофанов Елбасы ұсынған бес бастаманың да өзекті екенін айтты.

МИРОСЛАВ МИТРОФАНОВ, ЕП ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ОА ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Президент ұсынған реформалар Еуроодақтың ең дамыған елдерінде қызу талқыға түскен ұсыныстар мен ұзақ мерзімді жоспарларға сай келеді. Алайда, бұл жоспарлар Одаққа мүше елдерде іске аспай тұр. Оған себеп, бірізді даму қарқыны жоқ. Анығында, экономикалық-әлеуметтік ахуалы жақсы кейбір мемлекеттер әлі 2008-2010 жылдардағы дағдарыстан шыға алмай отыр. Олар Қазақстан сияқты төмен пайыздық несие мен студенттерге ұсынылған гранттар сияқты көмек көрсете алмайды.

Ал Қытай сыртқы істер министрінің ресми өкілі Лу Кан, мемлекет басшысының маңызды үндеуі Қазақстанды даңғыл жолға жетелейтінін айтты. Жалпы соңғы кездері Қытай мен Қазақстан сәтті әрі нәтижелі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қос тарапта өз халқының тұрмысын жақсартуды көздейді. Лу Кан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасымен толықтай танысып шығыпты. Ол шағын несие беруді көбейту  бастамасы кәсіпкерліктің қарқын алуы үшін маңызды екенін атап өтті.

ЛУ КАН, ҚЫТАЙ СІМ РЕCМИ ӨКІЛІ:

 - Қытай тарапы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын қолдайды. Бұл идеяның Қазақстан халқының өмірін жақсартуға септігін тигізетініне кәміл сенеміз. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейіне разымыз. Стратегиялық тұрғыда басшылық жасайтын көшбасшыларымыздың арқасында Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс одан әрі дами түседі.

Неміс саясаттанушысы  Маттиас Дорнфельдт Елбасы қозғаған бес әлеуметтік бастамадағы жастарға берілген мүмкіндікті қолдайды. Маңызды құжаттың үшінші бағытында техникалық мамандықтарға екпін беріп, мемлекеттік тегін білім беру тапсырыстарын ұлғайту көзделген болатын. Сарапшы бұл бастама жастардың таным көкжиегін дамытады, жаңа жобалардың қарқын алуына сеп болады дейді.

МАТТИАС ДОРНФЕЛЬДТ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Менің ойымша, Президент Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы экономиканың нығаюына, білім сапасын жақсартуға сеп болады. Профессор ретінде грант санын арттырғанына дән риза болдым. Сол арқылы білікті мамандардың қатары қалыңдауы тиіс. Мысалы, инженерлік ғылымда, медицина, робототехника салаларында мамандар тапшы. Реформалар халықтың игілігі үшін және экологияны жақсарта түсері хақ. Мұны көреген бастама дер едім.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер