Қазақстанның бизнес саласы тап болатын тосқауылдарды халықаралық сарапшылар бір жыл бойы зерттемек. Кәсіп ашуға жасалған жағдай 4  талап бойынша бағаланатын болады. Олар: кәсіпорын құру, құрылысқа рұқсат алу, электр желісіне қосылу және мүлікті тіркеу. Бұл жайлы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы «Doing business» рейтингінің субұлттық жобасын таныстыру барысында сөз болды. 2017 жылы мұндай субұлттық зерттеу еліміздің 6 аймағы мен Астана және Алматы қалаларында жүргізілген болатын. Нәтижесінде кәсіпкерлердің, негізінен, құрылысқа рұқсат беретін құжаттарды алу мен электр желісімен қамту мәселесінде қиыншылықтарға тап болатындығы анықталған. Биыл зерттеуге барлық 14 аймақ қатыспақ.

АЙБАТЫР ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Жалпы Алматының бизнес жүргізу бойынша тәжірибесі басқа қалаларға қарағанда жақсы болды. Осы тәжіриберлерді басқа қалаларға қолдану мәселесі бүгінде қарастырылып отыр. Бұл 4 көрсеткіш бойынша. Бизнесті рәсімдеу мәселесі, құрылысқа деген рұқсат мәселесі, бизнестен бизнеске өзінің меншігін беру.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер