Қазақстан мен Беларусь білім беру саласындағы әріптестік аясын кеңейтпек ниетте. Минскте аса ірі мәдени-білім беру орталығы ашылды. Бұл – Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесе қолға алған тың жоба. Оның арқасында жастар мен ниет танытқан әр адам Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алады. Электрондық лекторийдің жұмысына танымал профессорлар тартылмақ. Дәрістер онлайн режимде жүргізіліп, оларды жазып алуда заманауи технологиялар қолданылмақ.

ЕРЛАН АРЫН, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің санамызда беларусь халқын әлемге әйгілі еткен туындылар және олардың авторлары есте қалды. Ол Алесь Адамович, Иван Шемякин, Максим Танк. Тіпті біз оның шын есімі Евгений Скурко екенін де білеміз.

Жаңа орталықтың тағы бір жобасы – бірлескен іздестіру тобын құру. Еріктілер Ұлы Отан соғысы кезінде Белоруссиядағы партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы ақпарат іздейді. Осыған байланысты Беларусь тарапы архивке «Қазақстан азаматтары – Беларустың қорғаушылары» туралы бірегей құнды құжаттарды тапсырды.

АЛЕКСАНДР ЖУК, М.ТАНК АТЫНДАҒЫ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Өз кезегінде Қазақстанда «Тың жерлерді игерудегі Беларусь халқы» жобасы жүзеге асады деп келістік. Бұл біздің ортақ жобамыз. Біз осылайша тарихтың ұмытылып кетуіне жол бермейміз. Және оны сақтап қалуға студенттердің қатысуы өте жақсы көрсеткіш.

Жаңа оқу орталығының тағы бір міндеті – студент алмасу жобасының аясын кеңейту. Атап өтерлігі, биыл бірнеше қазақстандық студент «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Беларусь елінде білім алып қайтты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер