Елбасы үндеуі халықтың көкейінде жүрген ең  маңызды мәселелерді қамтиды. Әсіресе, маңызды құжатта жастардың жағдайын жақсартуға басымдық берілген. Жоғары оқу орындарында сапалы білім алу қолжетімділігі экономика үшін қажет мамандарды даярлауға үлкен сеп болады. Елбасының үндеуімен Өзбекстандық ғалым Равшан Назаров толықтай танысып шыққан. Ол бауырлас қос ел басшыларының халыққа ұсынған жолдауы мен әлеуметтік салаға бағытталған түрлі бағдарламалары өзара үндесіп жатыр деген пікірді алға тартады. 

РАВШАН НАЗАРОВ, ӨЗБЕКСТАН ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Барлық әлеуметтік бастамалар өте маңызды. Бұл құжатта халықтың тұрмыс-тіршілігі толық көрсетілген. Білім саласын нығайту. Мұндай факторлар көпшіліктің әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсер етеді. Микрокредиттік инновациялық жобалар мен «7-20-25» бағдарламасы өте маңызды. Бұл бүгінгі нарықтық экономикада әлеуметтік бағыттың дамуына негіз болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер