Қазақстан экономикасы 4%-ға өсті - Kazakh TV

Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсті. Ұлттық экономика министрлігі осындай мәлімет таратты. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 2,5 пайызды құраған. Салалық мекеме басшысының айтуынша, мұндай серпін өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы өсумен, инвестициялар көлемінің артуымен байланысты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 54,4 пайызға ұлғайды. Өсімге Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру шаралары әсер еткен. Сондай-ақ Теңіз кен орнында үшінші буын зауытының құрылысы және келешекте кеңею жобасы іске асырылып жатыр. Құрылыс, өнеркәсіп, сауда салаларына инвестиция ағымы артқан. Сондай-ақ министрліктің мәліметіне сәйкес, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуінің есебінен ауыл шаруашылығында өсім 3,3 пайызды құрады.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Өнеркәсіптегі өсу 5,6 пайызды құрады. Бұл – өткен жылдың осы кезеңінен жоғары. Ондай кезде 4,5 пайыз болған. Кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 5,5 пайызға өсті. Ұлғаю газ өндірудің 7,3%-ке, мұнайдың – 7,2%-ке және темір кенін өндірудің – 3,9%-ке өсуімен байланысты.  Өңдеу өнеркәсібі 6,1 пайыздық өсім көрсетті. Қос таңбалы өсім қағаз өнімдерінің өндірісінде, химия өнеркәсібінде, сондай-ақ, сусын және жиһаз шығаруда байқалды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер