Тәжікстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 240 миллион долларды құраған. Қос тарап сауда-логистикалық желілерді кеңейтуге уағдаласты. Сондай-ақ, Өзбекстан екі ел өңілері мен жетекші кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Қос ел ауылшарушылық техникасын құрастыру, құрылыс материалдары мен тоқыма, электртехникалық, азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды қолға алмақ. Бұған қоса, Өзбекстан мен Тәжікстан екі елдің азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим енгізуге ниетті.

**********************

Қазақстанның Жапонияға тауар экспортының көлемі едәуір артты. «Central Asia Monitor» ақпараттық агенттігі Energyprom басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, өткен жылы Күншығыс еліне экспорт көлемі 58,6 пайызға өскен. Қазақстан жапон нарығына жалпы құны 534 млн доллар болатын ферроқорытпалар, 339 миллион долларға мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізген. Аталған мемлекетке қазақстандық экспорттың 99 пайызын осы екеуі құрап отыр. Қазақстан Жапониямен барлық салаларда ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі, соның ішінде, денсаулық сақтау, ғарыштық зерттеулер сияқты салалар бар. Бұдан бөлек, Жапон елі экстремизммен күресте қолдау ретінде Орталық Азия елдеріне 6 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Аталған жоба екі жарым жылға есептелген. Бұл бастаманың басты үйлестірушісі БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі болмақ, ал Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстандағы кеңселер сол елдердегі іс-шараларды өткізуге жауап береді.

**********************

«Ұлы Жібек жолының бойындағы шаһарлар арқылы Өзбекстан тарихын тану». Осындай атаумен Каирдегі халықаралық мәдени ынтымақтастық орталығында фотокөрме ашылды. Бұл туралы «Central Asia Culture and Art Network» жаңалықтар қызметі хабарлайды. Экспозицияға Орталық Азия елдерінің көне қалаларынан табылған жәдігерлер мен ескерткіштердің суреттері қойылған. Бір айға жалғасатын көрмеге келушілер Орталық Азияның тарихымен тереңірек танысады. Атап айтқанда, олар бай тарихи өркениеттің куәгерлері болған Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Қарши, Хиуа қалалары туралы мәліметтер алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер