«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы»: Сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Әлеуметтік мемлекеттің шынайы прагматикалық қазақстандық моделін құру. Қазақстан Президенті ел үкіметінің алдына осындай міндет қойды. Осы ретте халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірнеше бағдарлама жасалды. Белгілі америкалық саясаттанушы, сыртқы саясат, қауіпсіздік және халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшы Ариэль Коэн Елбасы ұсынған әлеуметтік бес бастама Қазақстанды алға жетелеп, табысқа жеткізеді деп сенеді.

АРИЭЛЬ КОЭН, АМЕРИКАНДЫҚ САЯСАТТАНУШЫ:

 - Құжаттамалық реформалардың жиынтығы - Қазақстанның әлеуметтік дамуына және оны тұрақты етуге жасалған үлкен қадам. Отбасылар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Ол салықтың төмендеуі, білім беру жүйесіндегі гранттар және микрокредиттің тиімді шарттары. Бұл Қазақстанның экономикалық жалпы деңгейінің өскенін көрсетеді. Қазақстанның, халықтың және Президенттің үлкен жетістіктерінің дәлелі.

Қазақстан шабыттандырады, дейді елге жиі келетін Сингапур журналисі Сантош Кумар. Ол Түркістан, Отырар, Арыстан баб кесенелерінде болған. Жазушы-журналист біздің елдің табиғаты мен тарихына ғана емес, саяси реформаларына да қызығушылықпен қарайды. Сингапурдағы «Стрэйтс таймс» газетінде 30 жыл қызмет еткен ол Елбасы ұсынған әлеуметтік жаңашылдық Қазақстанды табысқа жетелейтінін айтады. Сантош Кумардың пікірінше, бұл бастамалар ең алдымен азаматтардың аз қорғалған санаттарына қамқорлық көрсету және халық үшін тең мүмкіндіктер берудің жарқын мысалы.

САНТОШ КУМАР, СИНГАПУР БАСПАСӨЗ КЛУБЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ХАТШЫСЫ:

 - Президент Н. Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту қажеттілігін қолға алды. Бұл Қазақстанның экономикалық өсуіне де ықпал ететін болады. Осылайша, ол халықтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға баса назар аударып отыр. Мысалы, тұрғын үй, жоғары білім, жалақыны көтеру және мұқтаж жандардың өмір сүру үрдісін жақсарту. Елдің жан-жақты модернизациясы аясында Президент дамудың барлық бағытын қамтуға тырысқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер