Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның парламентаралық байланыстары беки түспек. Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюн және Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің кездесуі барысында сәйкес уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, халықаралық, мәдени-гуманитарлық, сонымен бірге, парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Елбасының дамыған елдер қатарына кіру жолындағы стратегиялық маңызды бастамаларын сөз еткен Нұрлан Нығматулин оларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайына да айрықша назар аударды. Кездесу барысында Парламент Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды. Алғаш рет жасалып отырған бұл келісім, екі елдің стратегиялық ықпалдастығын заңдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер