Елбасы Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерін қабылдады - Kazakh TV

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымының көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бүгін Ақордада Корея Ұлттық ассамблеясының спикері Чон Се Гюн мырзаны қабылдаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін айтты. Президент әріптестікті тереңдетуге болатын басымдықты салаларға тоқталды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын дамыту керектігін де айтты. Ал Чон Се Гюн екіжақты қатынастардың стратегиялық мәнін атап өтті. Сондай-ақ, Астананың қарқынды дамуына назар аударып, Қазақстанда өткен әлемдік шараларға жоғары баға берді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан мен Корея арасында бүгінгі күні жылы достық қатынас қалыптасқан. Осыдан бір жыл бұрын сіздің елге сапар жасадым. Көптеген мәселелер шешімін тапты. Екіжақты сауда дамып келеді. Алдағы уақытта ынтымақтастығымызды тереңдетуге мүмкіндік мол. Қос ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жуық. Қазақстан сіздің елмен жаңа және цифрлық технологиялар, индустрияландыру, медицина және тағы да басқа салаларда әріптестікті тереңдетуге мүдделі. Бүгінде кореялық тауарлар бізге Ляньюньган порты арқылы жеткізілуде. Сол айлақта қазақстандық терминал орналасқан. Бұл да жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

ЧОН СЕ ГЮН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СПИКЕРІ:

 - Екіжақты байланысты  талқылау мақсатында бізді қабылдағаныңыз үшін Сізге  айрықша алғысымды білдіремін. Астанаға алғаш рет осыдан 12 жыл бұрын  яғни 2006 жылы келдім. Ол кезде мен Индустрия және сауда министрі едім. Осы уақыт аралығында қаланың   қарқынды  дамығанына куә болдым.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер