Қазақстан мен Өзбекстан экология саласында бірлескен жобаларды қолға алмақ. Солардың бірі – «Арал» бассейнін сақтап қалу. Осы мақсатта қос мемлекет ғалымдарынан арнайы жұмыс тобы құрылды. 5 жылға арналған арнайы бағдарма жасақталып, шетелден мамандар тарту жоспарланып отыр. Аралдың оңтүстік бөлігі көрші елдің аумағында жатыр. Қос тараптың бірлескен жобасы теңіздегі су деңгейін көтеріп, экологиялық ахуалдың жақсаруына сеп болады.

ОРАЛ  АТАНИЯЗОВА, ОЛИЙ МӘЖІЛІС СЕНАТОРЫ /АУДАРМА/:

 - Соңғы екі жылда 100-ге жуық жоба қабылданды. Бассейін маңындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту, «Арал» теңізін сақтап қалу мен   тұздардың желмен қоршаған ортаға таралып кетпеуін қамтамасыз ету сияқты шаралар жүргізілді. Аталмыш бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы Арал теңізінің тартылуынан келіп туындаған түрлі келеңсіздіктерді жойып, қоршаған ортаны қорғауға бар күш жігерімізді салатын боламыз.

Суы шалқыған, балығы тулаған Арал бір кездері әлемдегі көлемі жағынан үлкен ірі төрттіктің қатарында еді. Бүгінде бұл мәселе Орталық Азия аймағындағы бес елді толғандырып отыр. Қазақстанда «Көкарал» бөгеті салынып, нәтижесінде теңіздің бір бөлігі – Кіші Арал суға толды. Игілікті іске ғылыми топтың қосар үлесі зор болмақ.   

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚР ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Қазіргі таңда бірлесіп жұмыс жасап сол Аралдың мәселесін бірге шешу үшін үлкен топ жасақталады. Сол топтың арқасында біз 4-5 жылға дейін бағдарлама қабылдайын, деп жатырмыз. Себебі бұл үлкен жұмыс,бұл стратегиялық жұмыс. Соның арқасында шет елдердің де ғалымдары бірлесіп жұмыс жасау туралы  үлкен шартқа келістік.

Арал проблемасы оның экологиялық ахуалы Астанада өтетін Орта­лық Азиядағы бес мемлекет – Қа­зақ­стан, Өзбекстан, Қыр­ғыз­­стан, Тәжікстан және Түрік­менстан елдері басшыларының саммитінде талқыланбақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер