2017 жылы 7 мыңнан аса іскерге жалпы сомасы 32 миллиард теңгенің несиесі берілген - Kazakh TV

Шағын және орта бизнестің дамуы ел экономикасын өрлетіп отыр. Кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие – аса тиімді тетік. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңгенің несиесі берілген. 7 мыңнан аса іскер өз ісін дөңгелетіп, ұлттық экономиканың дамуына жеке үлесін қосуға кіріскен. Енді кәсіп ашуға берілетін шағын ниеселердің үстеме пайызы төмендетілмек. Елбасы ұсынған бес бастаманың бірі – осы.

ТАМИЛА РОЗМЕТОВА, АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІ ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ауылшаруашылығы саласы және ауылдағы шағын және орта бизнес өкілдері үшін Елбасының қамқорлығы ерекше. Бұл жолы да үлкен мән беріп отыр. Мемлекет қолдауының арқасында біз жаңа кәсіп көздерін ашып, облыс халқын табиғи таза азық-түлік өнімдерімен қамтып отырмыз.  

Атырау облысында биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Ал ауыл шаруашылығындағы субсидиялау шараларына 1,127 млрд теңге жұмсалса, қазір тағы 2 млрд 300 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қарастырылуда. Жалпы, Президенттің бес бастамасының әрқайсысын іске асыру үшін өңірде арнайы жоспар қабылданбақ.

НҰРЛАН НОҒАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫCЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Облыста бұл істерді атқару жөнінде іс-шаралар жоспары жасақталады. Бізде өз үлесімізді қосамыз. Бес бағыттың барлығын да толығымен орындайтын  мүмкіншіліктеріміз жетеді облысымызда. Бірлік бар, біліктілік жетеді. Ең бастысы Елбасының бастамаларын қолдауға ниет бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер