Қазақстандық Токамак зерттеу жұмыстарына пайдаланылады

Қазақстандық ТОКАМАК термоядролық реакторлардың құрылысына қажетті материалдарды зерттеуге пайдаланыла бастайды. ТМД экономикалық кеңесінде мақұлданған зерттеу бағдарламасы 3 жылға есептелген. Қондырғыны ТМД-ның алты мемлекеті бірлесіп пайдаланбақ. Сонымен қатар Қазақстандық реакторда бірлескен сынақ жұмыстарын жүргізуге АҚШ, Корея және Жапония қызығушылық танытып отыр. Ғалымдар ТОКАМАК сияқты қондырғылар атом энергетикасын дамытудың негізі болатынына сенімді. Олардың пікірінше, термоядролық синтез – қуат өндірудің арзан әрі экологиялық қауіпсіз тәсілдерінің бірі.

ЕРЛАН БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЯО БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы үшін маңызды шешім қабылданды. ТМД-ның термоядролық қоғамдастығы бірлескен бағдарламаны бекітті. Токамак материалдық зерттеуге арналған әлемдегі жалғыз құрылғы. Күрделі жоғары температуралық жағдайда да шыдайды. Ол мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асты.  

АНДРЕЙ КУШНИРЕНКО, ТМД АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Алғашқы бағдарламада зерттеу жүйесі мен осы жұмысқа жауапты бес ел - Қазақстан, Беларусь, Ресей, Армения, Қырғызстанның зерттеуге атсалысу шарттары жазылған. Сондай-ақ Қаржыландыру мәселесі, жолдары мен жүйесі белгілі болды.