Жастар ұйымдары Президенттің бес әлеуметтік бастамасына байланысты ұсыныстар әзірледі - Kazakh TV

Жастар ұйымдары Президенттің бес әлеуметтік бастамасына байланысты ұсыныстар әзірлеп, оларды жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға жолдайды. Бұл жайында «Жастар» ғылыми зерттеу орталығында өткен жиында сөз болды. Оған қатысушылар бастамаларды жүзеге асыруды қадағалау жұмысына да жастарды кеңінен тарту керек деген ойда. Бұл бастамалардың жүзеге асырылуының сапалық деңгейін арттырады, - дейді жиынға қатысушылар. Мәселен, жатақханалардың құрылысы жұмысына жастардың құрылыс отрядтары, «Жасыл ел» сынды ұйымдарды жұмылдыру ұсынылып отыр. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту  - Президенттің үшінші бастамасы болатын. Бұл тұста жастарды грант санының көбейетіндігі қуантып отыр.

ӘСЕЛ ИБАДУЛЛАЕВА, «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Президент атап өткендей, 2018-2019 жылдары 54 мың бар грантқа тағы да 20 мың грант қосылады. Олардың бәрі бакалавриатқа, оның ішінде 11 гранты техникалық мамандықтарға беріледі. Гранттардың көбеюі «смарт ұлттың» қалыптасуына жағдай жасайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер