Әлемдегі ең жас астанаға – 20  жыл. Осы уақыт аралығында жаңа қала жасампаз Астанаға айналды. Ерекше архитектуралық ғимараттар елдің басты көркіне айналды. Бүгінде жарыса бой көтерген нысандардың әсемдігі тамсандырмай қоймайды. Қарыштап дами түскен Астана қазақ елінің бренді іспеттес, шаһарға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Дегенмен, осыдан 20 жыл бұрын Астананың құрылысын жоспарлау оңай болған жоқ. Сәулетші Владимир Гладких қаланың кескінін келтіруде көп жұмыстар атқарылғанын айтады.

ВЛАДИМИР ГЛАДКИХ, АРХИТЕКТОР:

 - 1995 жылы технологияларды еркін қолдануға мүмкіндік болмады. Құрылыс материалдарының да тапшылығы сезілді. Бүгінде құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар жан-жақтан ашылып жатыр, бұл құрылыс маитериалдарына деген тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

Жеке үйлердің орнын аспанмен таласқан әсем ғимараттар басты. Қала жарқын түстермен безендіріле бастады. Танымал архитектор Серік Рустамбеков Есілдің етегінде басталған жаңа қала құрылысының қалай жүзеге асқанын есіне сақтапты. 

СЕРІК РҰСТАМБЕКОВ, ҚР ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АРХИТЕКТОР:

 - Бұрындары орнында ағаштар өсетін, бос жері еді. 1,5 жылдың ішінде құрылыс компаниясы салып, Астанаға көшкен бірінші қызметкерлер осында орналасты. өзеннің жағасы ғой, су көтерілді содан жобасын өзгертіп, судың деңгейін түсіруге әрекет жасадық.

Елорда құрылысы мен дизайнына ерекшелік енгізу ісіне шетел сәулетшілері - Норман Фостер мен Манфреди Николетти үлес қосты. Олардың тың идеяларын жүзеге асыруға жергілікті қала құрылысы мамандарының көмегі қажет болды. Ал қазір елордадағы заманауи сәулет дәстүрін сәулетшілердің жаңа толқыны жалғастырып жатыр.

АРСЕНИЙ ПИРОЖКОВ, «АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ» ҒЗЖИ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстан сәулетшілерінің саны артты, құрылыс саласындағы қарқын өте жоғары. Сондықтан кадр даярлау ісі басты назарда. Шетелден тәжірибес жинақтап келген жас мамандар бар. Жергілікті сәулетшілердің саны артып, сәулет өнерінің сапасы да жақсарып келеді.

Алайда елордамыз әлі де көркейе түседі. Қала қарқынды дамып, келбеті күн сайын түрленіп жатыр. Көп ұзамай қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеңіл рельсті трамвай іске қосылады. Жобаны келер жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Ал 2018 жылдың соңына дейін қала әкімшілігі екінші регазификациялық станцияны іске қоспақ. Бүгінгі күні Астананың 20 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - 20 жылдық аясында 600 ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Алматы және 14 облыс тарапынан «Аймақтардан Асанаға тарту» жобасы іске асыруда. Жоба асында жаңы 10 әлеуметтік нысан салынып, қаланың аудандарын дамытуға ерекше назар аударылады. Мысалы, 240 орындық жаңа балабақша салынады. Саябақ ашылады, вело жол көпірі салынады. 

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы. Жиырма жыл ішінде қала ірі мегаполиске айналды. Осы жылдар аралығында елорданың ауданы 54 мың гектарға ұлғайды. Бүгінде Астана 80 мың гектарға жуық аумаққа қанатын жайып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер