Орталық Азиядағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы - Kazakh TV

БҰҰ жаһандық деңгейде әйелдер белсенділігін жақсартпақ. Биыл ауылдардағы нәзікжандыларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Наурыздың 12-сі мен 23-і аралығында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтетін Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының отырысы осы мәселеге арналады. Айту керек, ауылдағы нәзікжандылар саны жер шары тұрғындарының төрттен біріне тең. Орталық Азия елдерінде де өз істерін дөңгелектіп жүрген бұрымдылар көбейіп келеді. Мысалы, Қазақстанда елдің жалпы ішкі өнімін қалыптастырудағы нәзікжандылардың үлесі 40 пайызға жуықтайды. «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевичтің айтуынша, Орталық Азия елдерінің өзге елдерінде де кәсіпкерлікпен айналысатын бұрымдылар саны артып келеді. Осы ретте БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталарымен бірлесе отырып, арнайы бағдарламалар әзірлемек.

ИЛЕЙН КОНКИЕВИЧ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «БҰҰ-ӘЙЕЛДЕР» ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз өз бағдарламаларымыз арқылы ауылдағы әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың белсенділігін арттырмақпыз. Ол үшін біз нәзікжандылардың қаржы жағынан өзгелерден тәуелсіз болуына, бизнес қызметтер мен қаржы құралдарының қолжетімді болуына көңіл бөлеміз. Сондай-ақ әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай жасаудамыз.

МУНХТУЯ АЛТАНГЕРЕЛ, БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз экологиялық тұрақтылықты дамытуға арналған әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше назар бөліп отырмыз. Мұндай 100-ге жуық жобамыз бар. Негізінен, Алматы облысында қазіргі таңда Шығыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде де мұндай жобаларды жүзеге асырып отырмыз.

Яғни белсенді нәзікжандылардың әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік бар. Әйелдерді қашықтықтан оқыту тәсілі де қолданылуда. Мысалы, Қазақстанда әйелдерді ілгерілету үшін арнайы ұлттық жоспар әзірленген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер