«Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» пікір

Елбасының бес бастамасы – Қазақстан экономикасының дамуына тың серпін береді. Ресейдің аймақтық мәселелер жөніндегі институтының бас директоры Дмитрий Журавлев ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқылы басқа елдерге үлгі бола отырып, Қазақстан әлеуметтік мемлекет моделін құрады деген сенімде.

ДМИТРИЙ ЖУРАВЛЕВ, АЙМАҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Мұның бәрі жаңа экономикаға лайықты қызметкерлерді дайындауға жол ашатын халықтың тұрмыс деңгейі мен білім деңгейін қалыптастыруы тиіс. Бұл модель өзге елдерге үлгі болмақ.  Қазақстан тұрмыс деңгейі бізбен шамалас мемлекеттер арасынан алға шығатын түрі бар.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында әлемнің басқа елдерінде бұрын-соңды болмаған Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаның жүйелі жүзеге асырылуы арқылы «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толтыратынын атап өтуі тегін емес.

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДИНТ КИСИ ДИРЕКТОРЫ:

 - Энергия көздерін экспорттаушы өзге мемлекеттер осындай жобаларды іске асыруға мүмкіндік таба алмай отыр. Ал Қазақстан Президенті көтерген бастамалар мемлекет саясатының әлеуметтік бағытын көрсетеді. Мұның өзі әлеуметтік ұйымшылдық сезімін қалыптастырады. ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖІӨ дегеннің бәрін сезіну қиын. Ал енді ұлттық байлыққа қатыстылығын әр азамат сезіне алады.