Елордада «Қытайша–қазақша үлкен сөздік» жарық көрді - Kazakh TV

«Қытайша–қазақша үлкен сөздік» жарық көрді. Елордада тұсауы кесілген іргелі еңбектің пайдасы мол болмақ. Зиялы қауым өкілдері бұндай аса ірі көлемді жинақтың құрастырылуы арнайы маманданған бүтін бір топтың ұзақ жылғы жұмысына сай деседі. Белгілі қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлы мен шетел филологиясы магистрі Айнұр Әбиденқызы әмбебап кітапты жинауға 10 жыл уақытарын сарп еткен. Биыл аспан асты елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл болса, қазақ жерінде қытайтану ілімі ашылып,  осы тіл мамандарын даярлау ісі қолға алынғанына 30 жылдың жүзі болыпты. Бүгінде Қазақстанда 5 бірдей Конфуций институты бар. Ал Қытайда қазақ тілін оқытатын 4 орталық жұмыс істейді.

ДҮКЕН МӘСІМХАНҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АУДАРМАШЫ

 - Алдағы уақытта осы еңбек Қазақстанның білім-ғылым саласындағы, сондай-ақ қытай тілін үйренгісі келетін, үйреніп жүрген, немесе қытай тілін оқытып жатқан ұстаздарға, сонымен бірге сыртқы саясатта Қытаймен қарым-қатынаста жұмыс істеп жүрген дипломаттарға таптырмайтын құрал деп ойлаймын.  

1050 беттік еңбектің соңына қытай тарихы, жер су аттары, ұлттық валютасы сынды  қосымша кестелер берілген. Қолдану қолайлылығы үшін буындардың транскрипциясы ашып көрсетіледі. «Қытайша–қазақша үлкен сөздік» екі мың данамен  басылып шықты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер