«Тәуелсіздік дәуірі»: Сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Қазақстан дамуының бірегей жолы зерттеу жұмыстарына негіз бола алады. «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты халықаралық конференцияда бас қосқан ғалымдардың пікірі осыған саяды. Оған Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің танымал сарапшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Конференция барысында қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері, ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктері және посткеңестік мемлекеттердегі тарихи білім беру мәселелері талқыланды. Осы ретте Елбасы кітабын қазіргі заманғы Қазақстан тарихы ретінде қолдануға туралы айтылды.

ВАДИМ ЛАКИЗА , БЕЛАРУСЬ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ТАРИХ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Мен Қазақстанға, Астанаға алғаш келуім. Мұндай конференциялар халықаралық ынтымақтастық әрі ғылыми тұрғыдан өте маңызды. Біз өз еліміздің тарихи ғылымын айта отырып,  сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты туындысымен жіті танысатын боламыз.

БОЛАТ ЖҰМАҒҰЛОВ,  АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Тәуелсіздігіміздің іргетасын қалаған, тәуелсіздігіміздің тарихын өз қолымен жазған. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы болашаққа бағдар іспетті. Біз осы кітапты жан-жақты талқылап, студенттерге тәуелсіздіктің қалай келгендігін, біздің болашағымыз қалай, мына тәуелсіздік еліміз үшін не берді? Елбасымыздың еңбегі орасан зор екендігін біз жас ұрпаққа тәрбиелеп жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер