Қазақстан экономикасына тартылатын инвестиция көлемі арта түспек. Қазірде жалпы сомасы 47,8 млрд АҚШ доллары болатын 145 инвестициялық жобаның тізімі әзір. Оларды жүзеге асырудың нәтижесінде 35 мыңға жаңа жуық жұмыс орны ашылады. Мұндай жоспармен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бөлісті. Оның айтуынша, инвестжобалар аясында Ресей, Түркия, Қытай сынды елдермен әріптестіктің жаңа бағыттары қарастырылуда.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Қазақстан-Қытай бағдарламасы аясында сомасы 27,7 млрд АҚШ доллары болатын 51 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 140 млн доллар болатын 4 жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаның құрылысы жүреді. Жалпы сомасы 363 млн доллар болатын 6 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Инвестициялық тартымды салалардың бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Тәуелсіздік алғалы бұл бағытқа 200 млрд доллар көлемінде капитал тартылған. Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарын игеруге  бағытталған инвестиция 121 млрд доллар шамасында. 

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Қазіргі уақытта Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ үш ірі кен орнында жалпы инвестициялар көлемі 42,3 млрд долларды құрайтын кеңейту және өндіріс деңгейін ұзарту жобалары жүзеге асырылуда. Солардың ішінде Теңіз келешек кеңейту жобасы 36,8 млрд доллар, Қашағанда газды кері айдау және қуаттарды кеңейту жобасы 2 млрд доллар.

Ал Қарашығанақтағы мұнай өндіру деңгейін ұзарту жобасына 1,6 млрд доллар бағыттау жоспарлануда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер