Еуроодаққа Орталық Азия жобаларын қаржыландыруға жеке еуропалық капитал тартудың жаңа механизмін әзірлеу ұсынылды. Тың бастаманы екіжақты қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған конференция барысында еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ортаға салды.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Біз Еуропалық Одақты Орталық Азия аймағындағы жұмысын кеңейтуге шақырамыз. Бұл Одақтың аймақта жүзеге асыратын жаңа стратегиясы аясында мүмкін болады деп ойлаймын.  Еуроодаққа Орталық Азия жобаларын қаржыландыруға жеке еуропалық капиталды тартудың жаңа механизмін әзірлеуді ұсынамыз. Ол механизм еуропалық компанияларға аймақ нарығына шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Орталық Азия мен Еуроодақ байланысының басым бағыттары ретінде энергия тиімділігін арттыру, білім, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын рационалды пайдалану және климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шаралары қарастырылуда. Сондай-ақ соңғы әлемдік тенденцияға сай цифрландыру саласына да аса көңіл бөлінбек. 

ПЕТЕР БУРИАН, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстанның Сыртқы істер министрі екіжақты қарым-қатынасты дамыту бойынша ұсыныстар жасады. Олардың бәрі біздің алдағы жұмысымызда ескерілетін болады. Түрлі салалардағы байланысымызды дамыту мәселесін талқылау барысында идеялар бұдан да көп болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Орталық Азия елдері тек транзиттік аймақ болумен шектелмеуі тиіс,-дейді. Аймақ экономикасын әртараптандырып, жоғары технологиялы өндірісті қалыптастыруда Еуроодақтың тәжірибесі мен қолдауын пайдаланудың маңыздылығы сөз болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер