Қазақстанда алғаш рет криптовалюта биржасы ашылады. Қазір жоба Ұлттық банкпен және отандық бизнес өкілдерімен келісілуде. Бұл туралы Цифрлық технология және криптоиндустрия қауымдастығының президенті Олжас Мұртазин мәлімдеді. Сонымен қатар, елімізде алғашқы криптоайырбастау жобасын қолға алу жоспарланған. Ұйым активтерді басқару, ұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнату бағытында оқыту курстарын өткізуді де көздеп отыр. Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша криптовалютаның 200-ден астам түрі бар.

ОЛЖАС МҰРТАЗИН, DIGITAL NETWORK СТКА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, криптоиндустрия саласындағы алаяқтық құрылымдарды және ақша пирамидаларын анықтап, заңнамалық базаны қалыптастыруды ойластырып отырмыз. 

ЕРЛАН ШАЙХЫМБАЕВ, «DIGITAL NETWORK» СТКА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің халық бұған сенуі керек пе, керек емес пе, деген сауалға мен былай жауап беретін едім. Мұны зерттеп, дұрыс активтерге, криптовалюталарға, болашағы барларға міндетті түрде қандай да бір табысын инвестиция жасаған дұрыс. Криптовалюта осы заманға сай жаңа зат болғандықтан бұны біз тезірек үйреніп, осы салада әрекет жасауымыз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер