БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында Арал мәселесін шешуге тағы 3 млн доллар бөлінеді - Kazakh TV

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында Арал мәселесін шешуге тағы 3 млн доллар бөлінеді. Астанада өткен симпозиумға Арал теңізінің экологиялық ахуалына алаңдаулы елдердің ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Белгіленген қомақты қаржыны халықаралық ұйымдар бірлесе отырып бөледі. Айта кетейік, Арал мәселесін шешуге бағытталған барлық шаралар соңғы 10-15 жылда жүйелі жұмыс істеп, жемісін беріп келеді. Соның ішінде «Ғасыр жобасы» аталып кеткен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу, Солтүстік Арал бөлігін сақтау» ең үздік жоба болатын. Елбасының бастамасымен Дүниежізілік банктің қолдауымен жүзеге асқан ауқымды шара нәтижелі болды. Кіші Аралда тіршілік жанданды. Ондағы балық шаруашылығымен айналысатын зауыттардың қатары бүгінде 8-ге жеткен. Олар жыл сайын 11 мың тоннадан астам өнім өңдеп, ішкі және сыртқы нарыққа шығарады. Бұның сыртында ас тұзы дайындалатынын айтқанымыз жөн. Жыл сайын сол маңда 10 мың гектар алқапқа сексеуіл егіледі. 

НОРИМАСА ШИМОМУРА, БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Арал мәселесін шешуге «Дүниежүзілік банк Халықаралық Аралды құтқару қоры және көптеген ұйымдар атсалысуға ниет танытты. Бұл мақсатқа 3 млн доллар бөлінеді. Қаржы суды тиімді пайдалану, әлеуметтік мәселелер оның ішінде халықтың денсаулығын жақстартуға жұмсалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер