«Париж Сорбонна» университетінің докторанты Қазақстанның инновацияларды дамыту бағдарламасын зерттеп жүр

Францияның «Париж Сорбонна» университетінің докторанты Андрей Иванов тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның инновацияларды дамыту бағдарламасын зерттеп жүр. Осы ретте Елбасы жолдауы нағыз оқу құралына айналды, дейді ол. Андрей Ивановтың пікірінше, жолдаудағы он міндет – нақты іс-қимыл стратегиясы. Бүгінде елімізге әлемдік деңгейдегі ғалымдар тартылуда. Олар жаңа технологияларды дамыту саласында өз тәжірибелерімен бөлісуде. Ғылыми орта өкілдерінің мұндай қызығушылығы орынды, дейді докторант.

АНДРЕЙ ИВАНОВ, «ПАРИЖ СОРБОННА» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТЫ:

- Біріншіден, Астанаға барған барлық ғалымдарға барынша жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, түрлі жеңілдіктер мен зерттеу жұмыстарын еркін жүргізуге гранттар бөлінеді, сонымен қатар, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ғылыммен айналысып, ізденуге, қызметтің өрісін кеңейтуге мүмкіндік мол. Жайлы жұмыс орны, жайлы атмосфера бар. Ғылым туралы көптеген көзқарастар мен жақында ғана ашылған жаңалықтармен де еркін танысуға болады. Содан болар, көптеген ғалымдар, соның ішінде француздар да Қазақстанда зерттеу жұмыстарымен айналысуға қуана келіседі. Елбасы өз Жолдауында жаңа технологияға негізделген оқу құралдарын жазып, заман талабына икемделген жаңа буын қалыптастыру керектігін баса айтты.