ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары анықталды - Kazakh TV

Дарынды да өнертапқыш жастардың еңбегі еленді. Кезекті рет ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары анықталды. Салтанатты түрде марапатталған түрлі сала үздіктеріне арнайы төсбелгімен қатар, қаржылай сыйақы табысталды. Бұл игі іс жас та болса кәсібінде толағай табысқа кенелген  мамандардың қызметін ынталандыру мақсатында биыл 10 мәрте қолға алынып отыр.

БІРЖАН ХАСАНҒАЛИЕВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Биыл бір жақсы ерекшелік бар – түскен құжаттардың көптілігі. Үміткерлерден 100-ден астам өтініштер келді ғылым саласынан, өнер саласынан.Түскен құжаттардың бәрі де сондай жоғары деңгейде, өнерпаздардың, ғылым саласында жүрген талантты жастардың құжаттары, олардың ішінен ең мықтыларын таңдау өте қиынға түсті, ол бір жағынан қуантады, жастарымыз өте дарынды, талантты.

Биыл байқауға мәдениет және өнер саласынан 50-ден астам үміткердің өтініші қабылданса, ғылым және техника санаты  бойынша 60 жуық өнертапқыш қатысуға ниет білдірген. Топ жарып, жүлдеге іліккен 21 жеңімпаз 12 аталым бойынша таңдалған.

ЕСЛӘМ НҰРТАЗИН, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Бұл премия театр номинациясы бойынша беріліп отыр, «Достар серті» мюзиклы үшін, біздің қазір Астанамыздағы тұңғыш мюзикл театрының тұңғыш мюзиклі болғаны үшін осы премия бұйырып тұр.

ЖАНСАЯ НҰРПЕЙІСОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Біздің гидрогеліміз бірінші рет алынды. Яғни оның құрамындағы түзуші риогентіміз алғаш рет қолданылды. Ол бойынша мақала шығардық. Ол ғылыми жаңалық болып табылады. Ойлап тапқан гидрогельді медицинада диабетпен ауыратын науқастарға қолдануға болады.

Айта кетейік, қор құрылғалы бері  барлығы 200-ден астам дарын иесі марапатқа ие болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер