«Тәуелсіздік дәуірі»: Қазақстанның транспорттық әлеуеті

Қазақстан – жаһандық транзиттік орталыққа айналу мүмкіндігіне ие. Бұл мақсатта елдің географиялық орналасуы мен инфрақұрылымы, коммуникациялық дамуы барлық талаптарға сай келеді. Сарапшылардың пікірінше, біздің мемлекеттің көлік және транзиттік әлеуеті едәуір жоғары.  Бұл ретте «Батыс Еуропа– Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі – еліміздің ең ірі жобасы саналады. Бұл турасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында айтып өткен еді.  

ЦИТАТА:

«8 мың шақырымға созылатын бұл дәліз – ҚХР-дан ЕАЭО елдеріне автомобиль тасымалдарын, содан соң Еуропаға жүк жеткізуді жылдамдатады. Бұған Орталық Азия елдері де қол жеткізе алады... 2010-шы жылдары жаһандық логистика индексінде Қазақстанның рейтингі жоғарылады. 2016 жылы Қазақстан 160 елдің арасында 77 орынға көтеріліп, ЕАЭО пен ТМД-ның барлық елдерінен озық тұрды. ХХІ ғасырда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялық ағындар торабында тұрақты орын алатын болады. Демек, осы бірегей жағдайды ел мұраты мен халықаралық қауымдастық мүддесі үшін барынша тиімді пайдалану қажет».

Депутаттар елдің көліктік және транзиттік әлеуетін дамыту – экономиканың өсуіне үлес қосады деп есептейді. Мәжіліс депутаты Альберт Рау Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында осы мәселеге ерекше назар аударуы да тегін емес дейді.

АЛЬБЕРТ РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Елбасы стратег ретінде біз кімбіз? Біз қайдамыз? деген сұрақтарды кеңінен талдады. Ал біз әлсіз тұстарымызда жігер танытуымыз керек. Негізгі басымдықтардың бірі - әлеуметтік, халықаралық келісім болды. Екінші мәселе - біздің географиялық орналасуымызда – теңізге шығу мүмкіндігіміз, байланысымыз жоқ. Бірақ транзиттік әлеует артып, бұл әлсіздікті жеңіп, Еуропа мен Азия арасындағы байланысты арттыратын боламыз.