«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы туралы ой-пікір - Kazakh TV

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы ұлы істерді еске түсіреді. Мұндай пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко білдірді. Кітапта Елбасы мен жалпы еліміз басынан өткерген қиындықтар айқын көрініс тапқан,-дейді ол. Ал Мәжіліс депутаты Альберт Рау болса, туынды егемендігіміздің энциклопедиясы деп отыр. Оның айтуынша, «Тәуелсіздік дәуірінде» барлық сала, өткенді саралап, сараптаудың барлық қыры қамтылған. Мәжіліс депутаты біз қазіргі жай-күйімізге назар аударғанда ең алдымен мұның барлығы қандай қиындықтармен келгенін түсінгеніміз жөн деген ойын ортаға салды.

АЛЬБЕРТ РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ  ДЕПУТАТЫ:

 - Жиырма жылдан астам уақыт өткеннен кейін біз өткенді сараптап, баға бере аламыз. Ал Президент  болса, сол кездің өзінде жағдайды нақты бағалап, мықты стратег ретінде қадамдар жасады. Әлсіз тұсымызды күшке айналдырды.  Өйткені бәрі ол уақытта елде ұлтаралық келіспеушіліктер болады деп болжады. Алайда Елбасының арқасында бұл елдің мықты тұсына айналып, ұлтаралық келісім моделіміз өзгелерге үлгі болып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер