Криптовалюта – инновациялық қаржы құралы. Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында блокчейнді енгізу тиімділігі мен ақшаның сандық бірліктерінің макроэкономикалық саясатқа әсері туралы әңгімеледі. ЕЭК Министрлері мен жетекші сарапшылар, қаржыгерлер Еуразиялық экономикалық одақ аумағында криптовалютаны енгізудің перспективалары мен экономикалық тиімділігін саралады. Пікірталасқа қатысушылардың пікірінше, валюталық реттеу саласында бірыңғай ұстанымға келіп, бірыңғай стандарт қалыптастыру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі жобаларымен бірге, еуразиялық қаржылық және төлем платформаларын құру жөніндегі бастамаларды қарады.

ТАТЬЯНА ВАЛОВАЯ, ЕЭК ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКА ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРІ:

 - Қазіргі таңда блокчейн мен криптовалюта туралы көп айтылып жатыр. Алайда, шын мәнінде оның не нәрсе екенін ешкім білмейді. Криптовалюта - әмбебап төлем құралы немесе керісінше, бос қиял болуы да мүмкін. Десек те блокчейн технологиясы қолданылатындықтан, ЕАЭО мемлекеттерінде келісілген немесе бекітілген тәсіл болу керек. Біз осы туралы сөз қозғауымыз қажет.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер