Қазақстандық экологиялық ұйымдар қауымдастығының таныстырылымы Нью-Йоркте өтті. Экологиялық қауымдастықтың өкілдері G-Global халықаралық алаңында сөз сөйледі. Еске сала кетейік, ассоциация Әлия Назарбаеваның басқаруымен өткен жылдың соңында құрылған болатын. Аталмыш ұйымның қамқоршылық кеңесіне «жасыл» экономика бағыты бойынша Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг қабылданды. Экологиялық қоғамдастықты бір жерге шоғырландыру –  «жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, экология мен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және күш-жігерді біріктіруге бағытталды. Бұдан бөлек, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту да жоспарда. 

ЕРЛАН БҰЗҰРБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Қазіргі таңда біз қоршаған ортаны дамыту және экологиялық проблемаларды шешу мәселелеріне арналған Астана экономикалық форумы негізінде жеке сессия ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Әлемдік қоғамдастық деңгейінде аталған мәселені талқылау және экология жөнінде жүйелік стратегиялық шешімдер жасауға барлық қатысушыларды тарту үшін осы G-Global алаңын пайдаланғымыз келеді. Біздің Президент «жасыл» технологиялар орталығын құруға бастамашы болғанын барлығы біледі. Айтылған бастамаларды қолға алып, іске асыру барысында халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықаралық сарапшыларды тартқымыз келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер