Тәуелсіздік дәуірі: Даму шежіресі - Kazakh TV

Алматыда этномәдени бірлестіктердің өкілдері Қазақстанның жаңа тарихын Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша оқып, оқулық ретінде оқуға ұсынды. Корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан бұл еңбек жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы барлық маңызды кезеңдерін толығымен баяндайды дейді.

ГЕОРГИЙ КАН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Кітапта қазақстандық даму үлгісінің табиғаты, басты ұстанымдар мен қозғаушы күштер сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш кезеңі кеңінен  көрсетілген. Сондықтан кітап Қазақстанның жаңа тарихын оқытудағы негізгі әдебиет деп ойлаймын.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлары да бұл ұсынысты толығымен қолдайды. Олар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан өскелең ұрпақ елдің даму тарихына қатысты құнды деректер алады дейді. Мұнда елдің еңсесін тіктеп қалыптасуы мен дамуы жолында кездескен түрлі кезеңдер егжей-тегжей жазылған. Профессорлар Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында батыл қадамдар жасап, іргелі шешімдер қабылдағанын кітапта анық жазғанын айтады.

АМАНАЙ СЕЙТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Бұл кітап тәуелсіздік дәуіріміздің энциклопедиясы, шежіресі деп айтуға болады. Антологиясы деп те айтуға болады.  Және бір қызығатын жағы, тек жетістіктеріміз ғана емес, сонымен қатар осы жолдағы қиындықтар, түсініспеушіліктер, кедергілер, олардың шешетін жолдары, нәтижелері де өте жақсы сипатталған.

ГҮЛНАЗ БӨКЕН, ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ PHD ДОКТОРАНТЫ:

 - Иә, кейінгі ұрпақ, 90 жылдардан кейінгі ұрпақ, біз көптеген мәліметтерді біле бермейміз. Сондықтан Елбасымыздың осы еңбегін оқи отырып, сонау тіл мәселесінде, білімде, ғылымда, экономикада, қандай өзгерістерден, қандай кезеңдерден өткенімізді біліп, тұшындық деп айтуға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер