Қазақстан халықаралық өркендеу рейтингінде 72 орынды иеленді

Қазақстан халықаралық өркендеу рейтингінде 72 орынды иеленді

Қазақстан халықаралық өркендеу рейтингінде 72 орынды иеленді. The Legatum Prosperity Index жасаған тізім бойынша, еліміз білім беру саласында 35 орында бой көрсеткен. Экономикасының сапасы – 46-шы, бизнес ортаның қолайлылығы жөнінен – 53-ші, денсаулық сақтау – 60-шы, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 55-ші орынды иеленді. Осылайша, Қазақстан Қырғызстан, Қытай, Ресей мемлекеттерін басып озды. Аталған елдер рейтингте тиісінше, 82-ші, 90-шы және 101-ші сатыларда. Үздіктер қатарынан Норвегия, Жаңа Зенландия, Финляндия табылды. Тізімнің соңындағы Судан-147-ші, Орталық Африка – 148-ші, Йемен 149-шы орналасқан. Атап өтсек, әлем елдерінің өркендеу индексі тоғыз санатқа біріктірілген бірнеше көрсеткіштен құралады. Ол қоғам өмірінің түрлі аспектілерін және әл-ауқат деңгейін көрсететін экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бас еркіндігі, әлеуметтік капитал мен экология секілді бірқатар салаларды қамтиды.