Павлодар облысындағы Мырзашоқы тауында жаңа шаңғы кешені салынады - Kazakh TV

Қазақстандағы тау шаңғы базалары алыс-жақын елдер арасында қолжетімді баға, дамыған инфрақұрылымымен танымал. Әлемнің түкпір-түкпірінен спорттық адреналинге әуесқойлар тік беткейлі тау жоталарына көптеп келеді. Павлодар облысындағы теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан Мырзашоқы тауында шаңғы кешені салынады. Табиғаттың көз тартар сұлулығы жергілікті билік пен тұрғындардың назарын аударды. Кешен өңірдің туризмін дамытуға, саяхатшылардың көп келуіне үлес қосады.

ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ  ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз осыдан 20 жыл бұрын тау шаңғы базасын салуды тіпті армандамадық. Енді бұл кешеннің жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қадағалаймыз. Баянауыл  табиғатының сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біз тек өңірдің емес елдің туризмін дамытпақпыз.

Таудағы аспалы арқанның құрылысына мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 300 млн теңге бөлінді. Сегіз тіреуіші бар көтергіш бір километрге дейін созылып, тәулігіне 500 адам тасымалдайды.

ӘДІЛ ТАЛҒАТБЕК, АУДАННЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАР ҚҰРЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Мен шаңғышы, сноубордшы болуды армандаймын. Бұл база ашылса балалар көптеп келеді.

Туристерді тарту үшін аспалы арқан мен автотуристерге барлық жағдай жасалған лагерь салу жоспарланып жатыр. Сонда база жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Жазда Сабындыкөл, Жасыбай мен Торайғыр көлдеріне келушілер қатары көбейеді. Айта кетейік, өткен жылы Баянауыл ауданында туризм индустриясын дамыту үшін 3 миллиард теңге бөлінді. Келер жылы  осы аймаққа екі жүз мыңға жуық турист  келеді деп күтіліп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер