https://kapital.kz/economic/66572/v-rejtinge-ekonomicheskoj-svobody-kazahstan-zanyal-41-e-mesto.html

Қазақстан экономикалық еркіндік индексі бойынша әлем елдерінің арасында 41-ші орынды иеленді. Тізімді америкалық Heritage Foundation институты жасаған. Халықаралық рейтингтің жаңартылған нұсқасында Орталық Азия аймағы елдерінің экономикалық еркіндік көрсеткіштері едәуір жақсарған. Мысалы, Қырғызстан 89-шы орыннан 78-ші орынға көтерілді. Тәжікстан – 106-шы, Өзбекстан 152-ші сатыларға тұрақтапты. Атап өтсек, экономикалық еркіндік жөнінен көшбасшы елдер қатарын Гонконг, Сингапур және Жаңа Зеландия бастап тұр. Жалпы саны 180 мемлекет кірген рейтингті Куба, Венесуэла және Солтүстік Корея мемлекеттері қорытындылайды. Айта кетейік, экономикалық еркіндік индексі 10 санат бойынша есептеледі. Оның ішінде мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, жемқорлық көрсеткіші, инвестициялық тартымдылығы, Үкіметтің экономикаға араласы деңгейі ескеріледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер