«Хабар» Агенттігінің дамуы

«Хабар» Агенттігінің дамуы

Пхенчхандағы XXIII Қысқы Олимпиада ойындары «Хабар» агенттігінің арнасында көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Агенттіктің басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова мәлім етті. Төртжылдықтың басты додасынан басқа, қазақстандық споршылардың жетістіктері туралы сюжеттер жаңалықтар бағдарламаларында көрсетілетін болады. Еске салсақ, «Хабар» акционерлік қоғамына 4 телеарна кіреді, соның үшеуі тәулік бойы хабар таратып, тек қана отандық контентті трансляциялайды. Кездесуде агенттік телеарналарының жұмысы туралы да айтылды. Басқарма төрайымының айтуынша, өткен жылы арналар ұлттық және халықаралық фестивальдар мен байқауларда жоғары марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Ал қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің алдынғы қатарлы медиаұйымдарымен келісімдерге қол жеткізілген. Соның ішінде «TRT» телерадиокомпаниясы, «Anadolu» ақпарат агенттігі және «France 24» телеарнасы бар. Соңғы жетістіктер қатарында «Казах ТВ» арнасы ерекше атап өтілді. 

АЛМАГҮЛ АХМЕТЖАНОВА,  «ХАБАР» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:
 - «Хабар» агенттігінің 2017 жылы қол жеткізген басты жетістіктерінің бірі – «Казах ТВ» каналының көпарналы хабар таратуға көшуі. Бұл мүлдем жаңаша формат. Осы жаңашылдықтың арқасында енді телеарнаның контенті тек Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес, әлем көрермендеріне тәулігіне 24 сағат үш тілде бірдей қолжетімді. Сондай-ақ өткен жылы Өзбекстанда тілшілер қосыны ашылды, бұдан өзге фрилансерлер желісін кеңейту жұмыстары жалғасын тапты. Бұл бізге ақпарат жинау географиясын бірден 10 елге кеңейтуге мүмкіндік берді.