«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы

Қазақстан Халқы Ассамблеясы – әлеуметтік үйлесім мен ұлттық бірліктің ерекше моделі. Бүгінде көптеген елдерде ҚХА-ның тәжірибесі қабылданды, бұл мемлекет ішіндегі тұрақтылықты сақтауда тиімді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында толығырақ баяндады.

ЦИТАТА:

«Біздің ашық, жалғастық әрекеттеріміз бен халықтың қолдауының арқасында құрылған жалпыұлттық келісімнің қазақстандық үлгісі жұмыс істеді және дамыды. Жаңа ғасырдың басында этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі әлемнің көптеген елдері үшін тартымды әрі пайдалы бола алатыны қазақстандық жаңалық деп танылды. Қазақстан әлемнің басқа елдері үшін тұрақтылық пен дамудың үлгісі. Соңынан мұндай бағалаулар бірнеше рет айтылды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Кеңес сияқты халықаралық ұйымдар қазақстандық үлгінің құндылығын мойындап, оның тиімділігін жоғары бағалады».

АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ҚХА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Елбасы мәдениет пен руханият, ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалу мәселелерін алға тартады. Кітапта рухани ұғым мен мәдениетке ерекше мән берілген. Президенттің пайымынша, ел ішіндегі өзара ынтымақтастық пен тыныштықты сақтап қалу үшін рухани байланыс мығым болуы керек. Ол ортақ шаңырақ астында тамыры терең ұлттық мінез бен шексіз мәдениетті сақтауды көздейді.

ҚХА ведомстволардың руспубликалық қауымдастығының кеңейтілген отырысында еліміздің 30 жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын жан-жақты талқылады. Республикалық ғылыми қауымдастық студенттері «Рухани жаңғыру» пәні бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын мектеп пен ЖОО-нда оқытуды ұсынды. Атап өтсек, тағылымды кітапты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 15 желтоқсанда ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай шығарған болатын. Онда мемлекет басшысы мемлекет қалыптастырудың негізгі кезеңдеріне, тарихына тоқталып өтеді де елдің болашағын кеңінен баяндайды.