«Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында «KazSat-2» спутнигін ауыстыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ғарыш аппараттары мен байланыс мониторингі жүйелерін бақылайтын Қазақстандағы алғашқы жерүсті бақылау жүйесі соңғы технологиямен жабдықталған. Ол біздің еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі үшін жауап береді. «KazSat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі осы жерден басқарады.

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Жоспарымыз – ғарыштық байланысты дамытып, жетілдіре түсу. Өздеріңіз білетіндей, бұл спутниктердің қызмет мерзімі 12,5 жылдан 15 жылға дейін. Ғарыштық аппараттардың техникалық күйі жарамды болып жатса, оларды пайдалану уақыты бірнеше жылға ұзартылуы мүмкін.

«KazSat» жүйесінің серіктері Жерден 39 мың километр қашықтықта. Ұшуларды басқару орталығындағылар спутниктің орналасу координаттарын тәулік бойы бақылайды. Мониторинг залында сигналдың деңгейі мен оның таратылу жиілігі сапасын тексереді. «KazSat-2» жер серігін пайдалану мерзіміне әлі бірнеше жыл бар.

ШОҚАН СВОГУЗОВ, "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ" АҚ-НЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «KazSat-2» ғарыш аппаратының техникалық ресурсы 2023 жылға дейін есептелген. Сондықтан бұл ғарыш аппаратын сол 2023 жылы ауыстыру міндеті қойылған. Үшінші спутник бойынша да көрсеткіштерді орындап келеміз.

«KazSat» ғарыштық аппараттары Орталық Азия, ТМД, Қытай және Моңғолия аумағында кең жолақты интернет желісі мен теле және радиохабарларын таратып, мәліметтер жеткізу, мультимедиялық және қозғғалмалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер